RU

Нұрымбетов 42500 теңге неге барлық адамға берілмегенін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемі барлық азаматқа бірдей төленбейтіндігін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Министр бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтты.

"Не үшін барлық азаматқа 42 500 теңге бірдей берілмейді? Осыны түсіндіріп берейін. төтенше жағдайға байланысты Үкімет тарапынан көптеген көмек қарастырылды, қарастырылып жатыр да. Бір жағынан қарыздар, несиелер, салықтар шегерілді. Зейнетақы мен жәрдемақы тоқтаған жоқ. Олар қайта көбейді. Жаңа қаражат төленгенге дейін сәуір айын төлеп қойғанбыз.

Сондықтан зейнетақы мен жәрдемақыны көтерілген мөлшерін мамыр айында сәуірдегі қосылған үстемемен бірге төленеді. Халықтың әлжуаз топтарына коммуналдық шығындарды өтеуге 15 мыңнан төлем енгізілді. Оны да осы жерге тиісті мамандар келіп түсіндіреді. Азық-түлік жағынан да көмек қарастырылды", - деді ол.

Нұрымбетовтің айтуынша, осындай көп көмектің біріне - 42 500 теңге кіреді.

"Сол себепті бұл бөлек төлем болғаннан соң оның шарттары бар. Негізгі шарты - алып жүрген жалақыңыздан, тауып жүрген табысыңыздан төтенше жағдай салдарынан айырылған жағдайда төленетін төлем", - деп түсіндірді министр.

Еске сала кетсек, еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге алғандардың жауапкершілігі туралы айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851725-nrymbetov-42500-tege-nege-barlyk-adamga-berilmegenin-ajtty.html