Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан тағы 12 адам жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресми дереккөздер Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 12 адам емделіп шыққанын хабарлады. COVID-19 вирусын еліміздегі бірқатар өңірдің тұрғындары еңсерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны арта түсті. Бүгін еліміздің төрт өңірінде қауіпті вирусты жеңіп шыққан адамдар анықталды.

Белгілі болғандай, Солтүстік Қазақстан облысында - 7 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам, Ақмола облысында - бір адам және Маңғыстау облысында да бір адам емделіп, ауруханадан шықты.

20 сәуірде сағат 11:40-тағы жағдай бойынша республика аумағында COVID-19 инфекциясын еісерген азаматтар саны 413 адамға жеткен.

Айта кетейік, бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 1735 дерегі тіркелді. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны бойынша бірінші орында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік астанада 525 адам індетпен күресуде. Екінші орында елорда келе жатыр. Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусы 381 адамнан анықталған.

Қызылорда облысы ауыр дертке шалдығу бойынша үшінші орынға шықты. Бұл өңірде вирусты жұқтырған 149 адам бар.

Оған қоса, елімізде коронавирустан 19 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан тағы 12 адам жазылып шықты