Выйти
RU

42 500 теңгені қайтарғандарға төлемді қайтып алуға бола ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңге жәрдемақы алып, кейінірек қылмыстық жауапкершіліктен қорқып, төлемді қайтарған жандарға не істеу қажеттігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42 500 теңгені қайтарғандар төлемді қайтара ала ма

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Жәрдемақыны алды, бірақ ол жауапкершілік туралы естігенде, қорқып оны қайтарып берді, бірақ ол ақша оған расымен де тиесілі еді. Енді оны қайтып алуға бола ма? ", - деген сауал қойды БАҚ өкілдері министрге.

Біржан Нұрымбетов мұндай істер жеке шешілетінін, ол үшін 42500@enbek.kz және 42500@gvss.kz поштасына өтініш жазу қажет екенін атап өтті.

"Шамамен 7 миллионға жуық адам өтініш берді. Біз оны ЖСН және сіздің өтінішіңіз бойынша қарастырамыз. Сосын бұл төлемді қайтадан қалай алу керектігін сізге айтамыз", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов 42500 теңге алғандардың жауапкершілігі туралы айтқан еді.

Министрдің сөзінше, 42500 теңге алғаны үшін немесе жәрдемақыны алғанда қателесіп кеткені үшін ешкім жазаланбайды.

Сондай-ақ, Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлем неліктен барлық азаматқа бірдей төленбейтіндігін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңгені қайтарғандарға төлемді қайтып алуға бола ма