Выйти
RU

Алматыда дәрігерлер жаппай дертке шалдыққан вирус ошағы ауыздықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда орталық қалалық клиникалық ауруханадағы коронавирус инфекциясының таралу ошағы ауыздықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен онлайн-конференция өткізген аурухана басшылығы хабарлады.

ОҚКА-ның жаңа бас дәрігері Мұрат Абдуллаевтың айтуынша, бірінші және екінші деңгейде байланыс орнатқандардың барлығы анықталған. Өткен тәулікте аурухана аумағындағы 316 адамнан коронавирус анықтау үшін екінші қайтара анализ алынды. Бүгін тағы 249 адам қайта тестілеуден өтеді.

Белгілі болғандай, нәтижесі теріс шыққан дәрігерлер мен медицина қызметкерлері арнайы дайындалған қонақ үй кешендеріне инкубациялық кезең аяқталғанға дейін карантинге жатқызылады.

Сонымен бірге, аурухананың бас дәрігері осыған дейін айтылған ұсыныстардың ескерілгенін тілге тиек етті. Ең алдымен емханада антисептикалық және дезинфекциялық құралдар артып, тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін тапқан.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров COVID-19-ға тест дер кезінде алынып, оның нәтижесі әр адамға уақытылы берілу керектігінің маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін желі қолданушысы дәрігерлердің жанайқайы жеткізілген жазба жариялған болатын. Ол ОҚКА-дағы барлық дәрәгерлерді карантинге жібермегенін хабарлаған. Автор медицина қызметкерлерінің көбісі жағдайына қарамастан, жұмыста қалуға мәжбүр болғанын жазды. Оның сөзінше, вирус жұқтырған дәрігерлермен байланыста болған өзге ақ халаттылар оларды да карантинге жіберуді сұрауда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда дәрігерлер жаппай дертке шалдыққан вирус ошағы ауыздықталды