Выйти
RU

Қандай жағдайда 42 500 теңгені алуға қайта өтініш беруге болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

42,5 мың теңге әлеуметтік төлемге бірінші рет өтініш бергенде қабылданбаса, өтінішті қайта беруге бола ма? Бұл сұраққа еңбек министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ол коронавирусқа байланысты енгізілген ТЖ режимінде президент тапсырмасымен берілген әлеуметтік төлемдердің қайтарылмайтынын атап өтті.

Министр ведомствоның төлемдерді тағайындаумен айналысатынын жеткізді. Ол осы орайда 42,5 мың теңгені негіссіз немесе қателесіп алған бірде бір адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді.

"Еңбек министрлігі ешқашан бұндай бастама көтермейді. Жеке тұлғаларды тексермейміз, себебі оған негіз жоқ", – деді Нұрымбетов.

БАҚ өкілдері байқаусызда қате мәліметтер көрсетіп, сол үшін өтініші қабылданбаған азаматтарға біршама уақыттан кейін қайта өтініш беріп, төлем алуға бола ма деген сауал қойды.

Өз кезегінде ведомство басшысы өтінішті қайта беруге болатынын жеткізді.

Осылайша, оның айтуынша, егер азамат ЖСН нөмірін қате көрсетіп, сол үшін өтініші қабылданбаса, өтінішті қайта беруге болады. Егер банк шоты қате көрсетілсе де өтінішті қайта беруге болады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге алғандардың жауапкершілігі туралы айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қандай жағдайда 42 500 теңгені алуға қайта өтініш беруге болады