RU

Ауруханадан қайтқан әйел адам орындықта отырып көз жұмған

Ғаламтор желісінде сәкіде көз жұмған әйел адамның видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru -ға сілтеме жасап.

Ауруханадан қайтқан әйел орындықта отырып көз жұмған (видео)
Фото: Life.ru: UGC

Оқиға мәскеулік аудандардың бірінде орын алған.

Желіде тараған видеодан әлеуметтік қызмет қызметкері әйел адамды көліктен шығарып, ауладағы сәкіге отырғызып кеткенін байқауға болады.

Порталдың хабарлауынша, әйел адам 17 сәуір күні ауруханаға түскен. Ал 18 сәуір күні ауруханадан шығарылған.

Ал оны үйіне жеткізгенде есікті ешкім ашпаған, сондықтан әйел адамды аулада қалдырып кеткен.

Хал үстіндегі әйелге көршілері көмектеспекші болған, алайда қолдарынан ештеңе келмеген. 11 минутта оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы әйел адамның өлімін тіркеген. Алдын ала болжам бойынша тұрғынның қазасына – жүрек қызметінің жетіспеушілігі себеп болған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша Ресейдің тергеу комитетінің қызметкерлері тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан бөлек, олар әйел адамды үйіне нақты қай әлеуметтік қызмет жеткізгенін анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, Шымкентте блокпостта тұрған полиция қызметкерін джип көлігінің жүргізушісі қағып кеткенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851762-auruhanadan-kajtkan-jel-adam-oryndykta-otyryp-kz-zmgan-video.html