Выйти
RU

Жалақысының жартысын ғана алып отырғандар 42500 теңгеге өтінім бере ала ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "жалақысының 50 пайызын ғана алтып отырған азаматтар 42 500 теңгеге өтінім бере ала ма" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, 42 500 теңге әлеуметтік төлем жалақысынан айырылғандарға ғана беріледі.

"Сол себепті жалақы мөлшері төмендеген жағдайда әлеуметтік төлем берілмейді. Яғни, бірде-бір тиын төленбейтін ақысыз демалысқа жіберілген жағдайда ғана 42 500 теңге алуға құқығыңыз болады және өтініш бере аласыздар", - деп түсіндірді Нұрымбетов.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік төлемді қайтару мерзімі мен тәртібі жоқ екенін атап өтті.

"Қай уақытта қайтарғыңыз келсе, сол уақытта қайтара аласыздар. Оның мерзімі де, қайтару тәртібі де жоқ. Егер сіз қателескеніңізді көріп тұрып қайтарамын десеңіз, оны жағдайыңыз келген кезде қайтарыңыз. Қайтармаймын десеңіз қайтармайсыз", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов 42500 теңге алғандардың жауапкершілігі туралы айтқан болатын.

Министрдің айтуынша, 42500 теңге алғаны үшін немесе жәрдемақыны алғанда қателесіп кеткені үшін ешкім жазаланбайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жалақысының жартысын ғана алып отырғандар 42500 теңгеге өтінім бере ала ма