Выйти
RU

Жетісайда көлік жүргізушісі екі полиция қызметкерін қағып, үшіншісін сүйреп кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында полиция қызметкерлеріне бағынбай оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісайда жүргізуші мас күйде үш полицей қызметкерін қағып кетті

Фото: Видеода кадр

Оқиға Жетісай қаласындағы көшелердің бірінде орын алған. Онда полиция қызметкерлері себепсіз жүрген Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан.

"Құжаттарды талап ету кезінде көлік жүргізушісі тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді қағып, ал оны тоқтатпақ болған үшінші тәртіп сақшысын көліктің есігімен сүйрей өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Үш полиция қызметкері дене жарақатын алған, оларға медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Орын алған оқиға туралы Жетісай АПБ кезекші бөліміне хабарланып, жасырынған жүргізушінің жеке басын анықтауға және ұстауға полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ізін суытпай, жарты сағат ішінде Жетісай қаласының тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушы "орташа дәрежеде" мас халде болған және есірткі қолданғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 379-бабы (билік өкіліне бағынбау) және 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Тәртіп бұзушының автокөлігі айыптұрағына қойылған. Қазіргі уақытта аталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте блокпостта тұрған полиция қызметкерін джип көлігінің жүргізушісі қағып кеткенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жетісайда көлік жүргізушісі екі полиция қызметкерін қағып, үшіншісін сүйреп кеткен