Выйти
RU

Моншадағы дау: Жемқорлыққа қарсы қызметкерлерге қатысты тергеу басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желіде пайда болған даулы видеоға қатысты тергеу басталғанын мәлім етті. Болжам бойынша ведомство қызметкерлері ТЖ режиміне қарамастан, сағат 21.00-ден кейін моншаға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: әлеуметтік желілердегі видеодан

Кадрлар: әлеуметтік желілердегі видеодан

"Осы демалыста таралған, болжам бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бейнеленген видеоға қатысты сұрақтар қойылуда. Департамент қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды, оның нәтижесі бойынша шаралар қабылданады", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері брифинг барысында.

Еске сала кетсек, 19 сәуірде Көкшетауда төтенше жағдай режиміне қарамастан, моншада демалып отырғандардың видеосы тарап кеткен болатын.

Осыған байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті пікір білдірген.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары 18 cәуір күні сағат 22.30-да рейд жүргізген. Олар Көкшетау қаласындағы "Избушка" моншасында карантин режимін бұзғандарды анықтаған.

"Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін "Избушка" монша кешенінің 30 жастағы иесі мен моншада болған жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді облыстық полиция департаменті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Моншадағы дау: Жемқорлыққа қарсы қызметкерлерге қатысты тергеу басталды