Выйти
RU

Өскемен тұрғыны екі рет өз өмірімен қоштаспақ болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын екі рет өзіне қол салуға тырысқан. Белгілі болғандай, бұған ақша жетіспеушілігі негіз болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өскемен тұрғыны балаларымен 9-қабаттан секіріп кететінін айтып, қорқытты

Фото: Өскемен ТЖБ

Екі ретте де ер адам мас болған.

Ал тұрғынға райынан қайтуға ШҚО-ның төтенше жағдай қызметінің психологтары көмектескен.

Бірінші жағдай бір апта бұрын болған. Ол кезде маман жарты сағат ішінде қала тұрғынын есікті ашуға көндіріп, ішке құтқарушыларды кіргізген.

Екінші жағдай 19 сәуір күні кешке орын алған. Мас күйдегі ер адам 9-қабаттағы пәтерінің терезесін ашып, секіріп кететінін немесе төрт баласының біреуін тастайтынын айтып, қорқытқан.

Бұл кезде оның қасында күйзелістік жағдайда тұрған әйелі болған. Ол жұбайын қолдаған.

Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері далаға арнайы төсенішті төсеп, ал психолог есіктің сыртында тұрып, ер адамды ойынан айнытуға тырысқан.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған келіссөздер кезінде ер адам қолындағы баласымен терезеге жақындап, қорқыта берген.

Келіссөздерге Өскемен әкімдігінің қызметкерлері қосылды.

Нәтижесінде психолог ер адамды райынан қайтарып, есікті ашуға көндірген. Отбасы облыс орталығының әкімдігіне жеткізілген.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ал Өскемен тұрғынының өз өмірімен қош айтысуына ақша жетіспеушлігі себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оралда көпірден секіріп кеткен әйел адамды полицейлер құтқарып қалғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскемен тұрғыны екі рет өз өмірімен қоштаспақ болды