Выйти
RU

Жалақысын қысқартудан бас тартқан бапкер футбол клубынан қуылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италияның екінші чемпионатында өнер көрсететін "Асколи" футбол клубы коронавирус пандемиясы кезінде шығындарды қысқарту мақсатында бас бапкер Роберто Стеллонені отставкаға жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Роберто Стеллоне. Фото: sportsandworld.com

Роберто Стеллоне. Фото: sportsandworld.com

Football Italia басылымының ақпарынша, бас бапкер жалақысын қысқартудан бас тартқандықтан, осындай шешім қабылдауға тура келген.

Стеллоненің өкілдері болса, футбол клубы әдейі жаттықтырушыны кінәлі етіп көрсеткенін алға тартуда.

"Бұл мәселеде Робертоны тек ақшаны ғана ойлайтын, өзгелердің қайғысымен санаспайтын сараң адам секілді көрсетіп қойған. Бұл өтірік, ол мүлдем ондай адам емес. "Асколи" медиа кеңістіктегі қателіктері үшін Стеллоненің беделіне елеулі нұқсан келтірілді. Ол моральдық шығынының өтемін талап етуге құқылы", – дейді бас бапкердің қорғаушысы Паоло Роделла.

Стеллоне "Фрозиноне" клубын елдің бірінші чемпионатына шығарғаннан кейін танымалдыққа ие болды. Ал 2020 жылғы ақпанда "Асколидің" бас бапкері атанды. Оның жетекшілігімен команда бес матчта екі рет тең нәтиже көрсетіп, үш мәрте жеңіліс тапты. Қазіргі уақытта "Асколи" Б сериясының 15-орнына жайғасқан.

Еске сала кетейік, Испанияның "Реал Мадрид" футбол клубына тиесілі "Сантьяго Бернабеу" стадионының басшылығы коронавируспен күресу үшін спорт кешеніне қажетті дәрі-дәрмектерді сақтауға мүмкіндік берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жалақысын қысқартудан бас тартқан бапкер футбол клубынан қуылды