Выйти
RU

"Үш есе артық жұмыс істейді": БҰҰ ерлерді жұбайларына үй шаруасында көмектесуге шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отбасында үйдегі жұмыстардың көбі әйел адамдар мен қыз балалардың мойнында екені рас. Ал бүкіл әлемде коронавирусқа байланысты миллиондаған адам карантинде отырған кезде, нәзік жандылардың үйдегі шаруасы тіпті еселене түскен. Осы орайда Біріккен Ұлттар Ұйымы ер адамдарды бұл әділетсіздікті түзетуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Новости ООН сайтына сілтеме жасап.

Карантин жағдайында ер адамдар үйдегі тірліктерді әйелдермен бөлісу керек

Фото: pixabay.com

COVID-19 пандемиясына байланысты оқшаулану кезінде әйел адамдарға тек қашықтан немесе дүкенде, ауруханада жұмыс істеп қана қоймай, үй тірліктерін де, атап айтқанда бөлме жинау, кір жуу, тамақ әзірлеу, балаларды тамақтандыру, оларды ойнату, үйде қарт туыстары болса оларға қарау секілді міндеттерді қоса алып жүруіне тура келіп отыр.

Осыған байланысты "HeForShe At Home" әйелдермен тілектестік кампаниясының аясында БҰҰ ер адамдарды үй шаруасының бір бөлігін өз мойнына алуға шақырды.

"HeForShe" кампаниясы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін ұлғайту бойынша "БҰҰ-әйелдер" ұйым құрылымының бастамасымен ашылған.

Қазір коронавирус пандемиясына байланысты әлемде миллиондаған адам карантинде отыр.

Осы жағдайда гендерлік теңсіздік айқын көрініс ала бастаған. Бұл күндері үй ішінде әйел адамдар ерлерге қарағанда үш есе артық жұмыс істеуде. Оның үстіне коронавируспен күресудің алдыңғы шебінде тұрған – тағы осы нәзік жандылар. Себебі денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет қызметкерлерінің 70 пайызын әйелдер құрайтын көрінеді.

"HeForShe at Home" кампаниясы ерлерді үй шаруасын бөліп алу қажеттігіне сендіруге ниетті.

Ал БҰҰ ерлерді өз тәжірибесімен яғни балаларды ойнату, ыдыс-аяқ жуу, шаңсорғышпен жұмыс істеуді қалай үйренгенін және тағы басқасын қалай меңгергенін көпшілікпен бөлісуге кеңес берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үш есе артық жұмыс істейді": БҰҰ ерлерді жұбайларына үй шаруасында көмектесуге шақырды