RU

Солтүстік Қазақстанда карантин режимі күшейтіледі

21 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысында оқшаулау шаралары күшейтіледі. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 21 сәуірі сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет пен халық тұрмысының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі күшейтіледі", - делінген ақпаратта.

Соған сәйкес, тұрғындарға аудандардың және Петропавл қаласының карантиндік аймақтарынан кіріп-шығуға тыйым салынады.

Кімдерге кіріп-шығуға рұқсат берілген:

  • халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне;
  • медициналық себептермен кететін және кіретін адамдарға;
  • карантин енгізілген кезеңде ауруханаларда емделіп, карантиндік және уақытша ауруханаларда бақылауға алынған адамдарға облыстан шығуға;
  • транзиттік жүк көліктеріне;
  • халықтың қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да өнімдері бар жүк көліктеріне;
  • көктемгі дала жұмыстарына, экологиялық, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, ара шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама ұсынып жүруге болады.

Бұдан бөлек, облыста әуежай, теміржол вокзалдары, автостанса мен автовокзалдардың қызметі тоқтады.

Соңғы деректерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында 30 адамнан коронавирус анықталды, қайтыс болғандар жоқ.

Ал Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1757 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851800-soltstik-kazakstanda-karantin-rezimi-ksejtiledi.html