Выйти
RU

Арман Шораев қолхатпен босатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Арман Шораев қолхатпен босатылды. Сондай-ақ БАҚ өкілі жалған ақпарат таратқаны үшін өкінетінін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/arman_shorai

Фото: instagram.com/arman_shorai

Бостандыққа шыққан журналистің үндеуі әпкесі Жанар Шораеваның Facebook парақшасында пайда болды.

Онда Шораев өзіне тағылған айыптауларды түсіндіріп өткен. Ол карантин мен ТЖ режимі кезінде тексерілмеген мәліметтерді таратқаны үшін өкінетінін жеткізген.

Оған қоса, БАҚ өкілі коронавирус пандемиясы кезінде енгізілген шектеу шараларын сақтауға дайын екенін айтып, енді расталмаған ақпаратты таратпайтынын мәлімдеген.

Одан бөлек, Арман Шораевтың әпкесі Tengrinews.kz-ке інісін ешқайда кетпеу қолхатымен босатқанын хабарлаған.

Еске сала кетейік, танымал журналистің 18 сәуір күні Қарағанды қаласында ұсталғаны хабарланған. Алматы қаласының полиция департаменті Арман Шораевтың желіде жалған ақпарат таратқаны үшін тұтқындалғанын мәлімдеген.

"Арман Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы шындыққа сай келмейтін көрінеу жалған мәліметтерді таратқан. Ол өз әрекеттерімен төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндірді. Тергеу барысында Қарағанды қаласында ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап өткен еді полициядан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арман Шораев қолхатпен босатылды