Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Лада
Фото: Лада: Instagram
"Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетті", - делінген хабарламада.  

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, басқарма басшысының міндетін атқару Сағымбаевтың орынбасары Ләззат Есенғалиева жүктелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизовтың өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, 18 сәуірде Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың қызметінен босатылғаны белгілі болды. Оның орнына еліміздің бұрынғы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тағайындалды.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1775-ке жетті.

COVID-19 инфекциясы табылғандардың 12-і Маңғыстау облысында, 80-ы Атырау облысында, 549-ы Алматы қаласында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851820-elimizde-tagy-bir-oblysty-densaulyk-saktau-baskarmasyny-bassysy-kyzmetinen-ketti/

pixel