Выйти
RU

Мәскеуде әйел адам карантинді бұзған ұлын полицияға ұстап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеулік аудандардың бірінде ер адам өзінде COVID-19 расталғанына қарамастан үйінен шығып кеткен. Алайда анасы бірден полицияға хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ "360" телеарнасына сілтеме жасап.

Мәскеуде әйел адам карантинді бұзған ұлын полицияға ұстап берді

Фото: pixabay.com

36 жастағы ер адам екі күн бұрын коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Алайда аурудың баяу әрі жеңіл ағымын байқаған мамандар оны ауруханаға жатқызбауды шешкен көрінеді.

Дегенмен пациентке үйден шығуға тыйым салынған. Бірақ ер азаматтың шыдамы таусылса керек, ол келесі күні үйінен шығып кеткен. Бұл туралы ер адамның туған анасы полицияға хабарлаған.

Ер азамат тез арада құрықталып, мәжбүрлі түрде ауруханаға жеткізілген. Енді ем алу мен дәрігерлердің бақылауында болудан бөлек, ол айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін отандық әнші Арман Қоңырбаев Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар нан алуға маскасыз шығып, басы дауға қалған павлодарлық тұрғын туралы да жазған едік.

Айта кетейік соңғы мәліметтер сүйенсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1775-ке жетті. Тағы 18 жағдай Алматы мен Шымкент қаласында және Қостанай облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеуде әйел адам карантинді бұзған ұлын полицияға ұстап берді