Выйти
RU

Карантин кезінде моншада демалған жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жұмыстан шығарылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің тергеу басқармасы қызметкерлерінің төтенше жағдайды бұзуына қатысты қызметтік тергеу жүргізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Карантин кезінде моншада демалған жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жұмыстан шығарылды

Фото: Желідегі видеодан кадр, Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл бөлім басшысы Р.Тұрғамбековтың және оған бағынышты тергеушілер Мырзагелдин Н. Кағарман А., Ақмолдин Ж., Лұқманов Б. төтенше жағдайдың қазіргі шектеулеріне қарамастан, кешкі демалысты Көкшетаудағы монша кешендерінің бірінде өткізгені анықталды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты 20 сәуірде Агенттіктің орталық аппаратының тәртіптік комиссиясының отырысы өтті. Оқиғаның барлық жағдайларын және Агенттік Төрағасының бұйрығымен әділеттілік, адалдық, сенім құндылықтарын қатаң сақтауды ескере отырып, аталған қызметкерлер жағымсыз себептер бойынша келешекте мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынсыз жұмыстан босатылды.

Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынш, облыстық басқарма басшысы Төлеубаев жеке құраммен профилактикалық жұмысты нашар ұйымдастырғаны үшін толық емес қызметтік сәйкестік түрінде жауапкершілікке тартылды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі өз әріптестерінің теріс қылығының салдарын сезіне отырып, азаматтардың карантин режимін сақтаудағы жауапкершілігін мойындай және құрметтей отырып, болған оқиға үшін шынайы кешірім сұрайды және кез келген қызметкердің заң бұзуының әрбір фактісі бойынша жазаланатынына кепілдік береді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ведомство қызметкерлерінің ТЖ режиміне қарамастан, сағат 21.00-ден кейін моншаға түскені туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде моншада демалған жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жұмыстан шығарылды