RU

Қазақстанда тағы 77 адам коронавирус жұқтырды

Тағы 77 қазақстандық 2020 жылы 20 сәуірдегі сынақтардан өткеннен кейін коронавирус жұқтырды. Инфекцияның ең көп көрсеткіші Алматыда тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы 77 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Елдегі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1852-ке дейін өсті.

Елдің жауапты органдары қазақстандықтар арасындағы коронавирусқа тапсырған тесттің 77 адамда оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

COVID-19 ауруының фактілері еліміздің үш қаласы мен үш облысында анықталды. Бір мезгілде ең көп жұқтырғандардың саны оңтүстік астанада анықталды. Ол жерде 57 адам коронавирус жұқтырды.

Екінші орынға Шымкент қаласы жайғасты. Онда вирус жұқтырған жеті адам анықталды. Ал Алматы облысы бойынша - 6 дерек тіркелді.

Тізім бойынша, келесі Нұр-Сұлтан және Павлодар облыстары тұр. Бұл жерлерде коронавирус инфекциясын үш адам жұқтырды. Сонымен қатар, БҚО-да бір жаңа жағдай анықталған.

Пациенттер саны бойынша жалпы статистикада Алматы бірінші орында тұр. Бұл жерде соңғы мәліметтерге сәйкес, КВИ-ді жұқтырған 606 адам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 сәуірде БҚО-да Ресейдегі жұмысынан оралған 16 вахташының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Биылғы жылдың 20 сәуіріндегі 22:30 уақыты бойынша, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы туралы статистика мынадай:

Анықталған жағдайлар: 1 852 адам;

Көз жұмғандар: 19 адам;

Жазылғандар: 447 адам.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851863-kazakstanda-tagy-77-adam-koronavirus-zktyrdy.html