Выйти
RU

Карантин тәртібіне бағынбаған Ақтөбе тұрғындарына тыйым қатаңдатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеліктер карантин тәртібіне бағынар емес. Себепсіз үйден шықпай, тыныш отырудың орнына, көпшілік бала-шағасымен көше кезіп жүр. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарға тыйымды одан сайын қатаңдатып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Карантиннің жаңа тәртібі бойынша енді ешкім баспанасынан себепсіз аттап шыға алмайды.

Тіпті азық-түлік алуға дүкен мен дәріханаға тек үш күнде бір рет бара алады.

Онда да бір отбасынан тек бір адам тысқа шығуына рұқсат.

Ал "Сергек" базасына тіркелмеген көліктерге көшеде жүруге тыйым салынған. Бұған дейін жүргізушінің жұмыс орны берген анықтама жарайтын еді. Енді "Сергектің" тізімінде көлік жоқ болса, көшеде жүрген жүргізушіге айыппұл салып, тұрақ алаңына қойылады.

Мұндай қатаң шара қолдануға вирустың қала ішінде тарап кетуі себеп болған.

Өйткені COVID-19 инфекциясын жұқтырған жанның бірі жақындарымен араласқанын жасырса, енді бірі бала-шағасымен қонаққа барып ауру жұқтырған. Одан қалды, коронавирус анықталғандар дүкен аралаған.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, 21 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысында да карантин режимі күшейтілмек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин тәртібіне бағынбаған Ақтөбе тұрғындарына тыйым қатаңдатылды