RU

"Балам ұялатын еді": 60 келі салмақ тастаған әйелдің өмірі адам танымастай өзгерді (фото)

Бүгінде әлемдегі әрбір төртінші адам артық салмаққа ие. Ал Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққандар жыл санап көбейіп келеді. Әсіресе, әйелдер қауымының салмақ жинауға бейім болатыны рас. Сондай кейіпкерлердің бірі – Гаухар Байбатырова. Төрт балалы келіншек бір жарым жылдың ішінде 60 келі салмақтан арылды. Алғашында 130 келі тартқан ол арықтаған соң өмірінің күрт өзгергенін айтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Гаухардың сөзінше, әр баласын босанған сайын салмақ жинай берген.

"Оның үстіне, қыз кезімде де арық болдым дей алмаймын. 23 жасымда тұрмысқа шығып, тұңғыш қызыма жүкті болдым. Жүктіліктің тоғыз айында 40 келі салмақ қосыппын. Кейін қызым үш айға толғанда ұлымды көтердім де, салмақ біртіндеп жинала берді", - дейді ол.

Ұлы бес жасқа толған соң, Гаухар егіздерге жүкті екенін біледі.

Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан
Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан: Depositphotos
"Өзім үйдің жалғыз қызы болған соң, еркелігім де басым еді. Егіздерге жүкті екенімді білгенде одан сайын еркелеп кеттім. Аман-есен босанған соң бәрі тамақ жегізе бастады. Бірақ қан қысымым көтеріліп, тыныс алуым қиындай бастады. Менің арықтауыма бұл де себеп болмаған.
Бірде ұлымның ата-аналар жиналысына бармақшы болғам. Ол менің семіздігімнен ұялатынын, сыныптастарының мазақ қылатынын айтып, маған мектепке келмеші деп өтінді. Бұл маған тым ауыр соққы болды. Ешкімге айта алмай, екі күн жыладым. Өзімді өмірде құр-босқа жүрген адамдай сезіндім. Сол кезде өзімді қолға алу керектігін түсініп, арықтауға қадам жасай бастадым", - дейді Гаухар.

Біздің кейіпкеріміз алдымен түрлі дәрілер күшімен арықтауды жөн көрген. Алайда, қытайлық дәрілердің ешбірінен де көмек болмапты.

"Бағасы 3 мың теңгеден басталатын түрлі дәрілерге ақша құрттым. Тіпті, 12 мың теңгенің препараттарын алып, арықтағым келгені рас. Бірақ бұлардан еш нәтиже болмай, ақшам далаға кетті. Бірде Instagram желісінде Нури ПП деген атпен танымал Нұрила Азизқызы атты диетологпен таныстым. Соңғы үмітім сол қызда болды. Дәрі көмектеспеген соң, дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану керектігін түсіндім. Қонаққа бармай, ешкіммен араласпай, бар уақытымды арықтауға жұмсадым", - дейді ол.

Алғаш рет диетологпен жұмыс бастағанда Гаухардың салмағы 130 келіні көрсеткен.

Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан
Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан: Depositphotos
"2017 жылы дұрыс тамақтануға көштім. Нұриламен бірлесе отырып, меню құрдық, аптасына үш рет спорт залында жаттықтым. Осылайша, бір жарым жыл ішінде 60 келі салмақ тастап, 70 келіге түстім. Бірақ бетімде әжім көбейген соң, тағы бес келі салмақ қосып, 75 келіге тұрақтадым. 2018 жылы жолдасыммен бірге мектеп бітірушілердің 20 жылдық кешіне барып келдім. Өзімді өте керемет сезіндім", - дейді Гаухар.

Гаухар Байбатырова арықтаған соң өмірінің тек жақсы жаққа өзгергенін айтады.

"Әрине, қимылым жеңілдей түсті. Толық кезімде ашуланшақ едім. Агрессияға бейім тұратынмын. Салмақпен бірге сол агрессия да кетті. Күйеуіммен ара-қатынасым дұрысталып, балаларым да мәз. Осы орайда, диетолог Нұрилаға алғысым зор. Сондай-ақ, өзімнің де күш-жігерімді ерекше атап өткім келеді", - дейді ол.

Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан
Фото Гаухар Байбатырованың жеке мұрағатынан: Depositphotos

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851886-balam-alatyn-edi-60-keli-salmak-tastagan-jeldi-miri-adam-tanymastaj-zgerdi.html