Выйти
RU

Карантин уақытында Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай мекемелер жұмысына кірісті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бірқатар мекеме жұмысын бастады. Жалпы, қандай кәсіпорындар жұмысына кірісті, талаптары қандай? Бұл сауалға KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап жауап береді.

Карантинде қандай кәсіпорындар жұмысына кірісті

Фото: pixabay.com

Жұмысын жандандырғандар бірі- көлік жуу және дөңгелек ауыстыру қызметі.

Осы жұмыс түріне сұраныс көп болғанымен, қызмет көрсететін комапания қазір екі көліктен артық қабылдамайды. Себебі, қауіпсіздік – басты талап.

Қауіпсіздік мақсатында әр көлік жуылған соң, кварцталады. Бұл қызмет 20 сәуірден бастап енгізілген. Сонымен қатар кезек қалыптастармас үшін көліктер тек алдын ала жазба бойынша қабылданады.

"Төтенше жағдай режимінің талабы бойынша, адамдарды көп жинамауға тырысамыз. Мәселен, күту бөлмесінде 4 адамнан артық жиналмауын талап етеміз. Әрі залалсыздандыру жұмыстарына ерекше екпін қойдық", – дейді сервистік компанияның басқарушы директоры Асқар Жүзбаев.

Телеарнаның мәліметінше, алайда мұндай тәртіпті қаланың шеткері аудандарынан байқау қиын.

Көліктерге түрлі техникалық қызмет көрсететін орындардың жұмысы қайнап жатыр. Көліктердің нөпірі қалың. Жұмысшылардың айтуынша, келушілердің саны күрт артқан.

20 сәуірден бастап екінші деңгейлі банктер де жұмысын бастады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Олар таңғы уақыттан 16.00-ге дейін жұмыс істейді және қызметкерлерінің 50 пайызын ғана жұмысқа шығаруға құқылы.

Адамдар арасындағы қашықтықты сақтауға арнайы сызба да бар. Банк бөлімшесінің алдында ұзын-сонар кезек қалыптасып үлгерген. Кезектегілердің басым көпшілігі несиесін төлеуге, не несие алуға келгендер көрінеді.

Жалпы елорда бойынша 20 сәуірден бастап өнеркәсіп, құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері және тағы басқа бірқатар салаларда тіршілік қайта жанданды. Бұл санатта тамағын өзімен бірге алып кететін қоғамдық тамақтану нысандары да бар.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы адам көп жиналатын ірі сауда орталықтары, сауда үйлері, үлкен азық-түлік дүкендер мен мейрамханалар шамамен қашан ашылатынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин уақытында Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай мекемелер жұмысына кірісті