Выйти
RU

СҚО-да жасөспірім желідегі парақшасына көп адам тарту үшін жалған ақпарат таратқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жалған ақпараттың таралуына жол бермеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да жасөспірім жалған ақпара таратқан

Көрнекі фото: segodnya.ua

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген мамандар 17 жастағы қала тұрғынының Instagram желісіндегі аккаунтынан бір постты байқайды. Онда ол: "полицейлер қайтыс болған зейнеткердің туыстарына ақша ұсынды" деп жазған.

Жазбаға сүйенсек, полицейлер қарияның қайтыс болғандағы себебін коронавирустық инфекциямен байланыстыру үшін туыстарына 100 мың теңге ұсынған-мыс. Ойдан шығарылған ақпаратты Петропавл қаласының тұрғыны парақшасына көп адам тарту үшін жариялағаны белгілі болды.

Полицейлер түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін кәмелетке толмаған қыз бала парақшасындағы ақпаратты жойған. Профилактикалық жұмысқа ювеналдық полиция қызметкерлері де қосылған.

“Кәмелетке толмаған қала тұрғынымен профилактикалық тұрғыда әңгіме жүргізілді. Оның анасына қатысты ҚР ӘҚтК “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау 127-бабы бойынша материал жиналды", – дейді Петропавл қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Эльмира Абушева.

Осы орайда полицейлер тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға қарастырылған.

Айта кетейік, 21 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысында карантин режимі күшейтіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да жасөспірім желідегі парақшасына көп адам тарту үшін жалған ақпарат таратқан