RU

"Бар күшімді саламын": АҚШ елшісі карантин кезінде қазақ тілін меңгеріп жүр (видео)

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер карантин кезінде қазақ тілін меңгеріп жүр. Ол бүгінге дейін апта күндерін жаттап үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бар күшімді саламын": АҚШ елшісі карантин кезінде қазақ тілін меңгеріп жүр (видео)
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Елшінің сөзі мен видеосы АҚШ елшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында пайда болды.

“Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын", - дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

Айта кетейік, бұған дейін отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко қазақ тілін қалай меңгеріп алғанын айтып берді. Бүгінде мемлекеттік тілде емін-еркін сөйлейтін БАҚ өкілі бәрі отбасы мен тәрбиеден бастау алатынын жеткізді.

Ес білгелі қазақша сөйлейтінін айтқан ол ана тілінде екі сөздің басын құрай алмайтын шенеуніктерді көргенде қатты ұялатынын да жасырмады.

Айтайын дегенім, қазақ тілінде сөйлеп кету үшін қыруар қаржы қажет емес. Иә, біз ауылдық жерде өсіп-өндік, мүмкін қаланың адамдарына қарағанда бізге жеңілрек болған шығар. Десе де, барлығы отбасыдан, тәрбиеден, қызығушылықтан басталады. Кеше инстадан бір лауазымды кісінің қазақ тілінде сөйлей алмай тұрғанын көріп өзім ұялдым. Меніңше, халықтың адамы болған соң мемлекеттік тілді білмеу дұрыс емес. Ең болмағанда мәтінін қатесіз оқыса екен дейсін бұндайда?" - деп жазды ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851897-bar-ksimdi-salamyn-aks-elsisi-karantin-kezinde-kazak-tilin-megerip-zr-video.html