Выйти
RU

Гонконгта 45 күннен бері коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

20 сәуір күні Гонконгтың денсаулық қорғау орталығы қалада 45 күннен бері бір де бір COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелмегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Гонконгте 45 күннен бері коронавирус жұқтыру тіркелген жоқ

Фото: pixabay.com

Гонконгта коронавирус жұқтырғандар саны 45 күннен бері еш өзгеріссіз – 1 025 адам болып қалған.

Гонконгтың денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні COVID-19 бойынша күн сайынғы баспасөз брифингін өткізбеу туралы шешім қабылдаған.

Соған қарамастан Денсаулық қорғау орталығы коронавирус жұқтыру қаупін сейілту үшін әлеуметтік қашықтық шараларын сақтауға шақырып отыр.

Гонконгта эпидемиялық жағдай бұрынғыша тұрақсыз және болжауға келмейді, сондықтан қоғам әрқашан сақтанып жүру керек екені айтылды.

Гонконг аурухана басқармасының мәліметінше, елде COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас қайтыс болған. Бүгінде ауру жұқтырған және сондай күдік тудырған 630 науқас ауруханадан емделіп шыққан.

Еске сала кетейік, көршілес Өзбекстанда карантин режимі мамырдың онына дейін созылды. Халыққа көшеге себепсіз шығуға тыйым салынған.

Айта кету керек елде "әлеуметтік ара қашықтық" принципі мен "өзін-өзі оқшаулау" режимі оң нәтижесін бере бастаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Гонконгта 45 күннен бері коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген