Выйти
RU

Семейде тұрғын үй өртеніп, 11 отбасы далада қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Семейде қаласында қос қабатты баспана өртеніп, 11 отбасы далада қалды. Жұрт бала-шағасымен қызыл жалынға оранған үйдің терезесінен әрең шыққан. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қазір олар мектептердің бірін уақытша паналауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тілсіз жау жұрт ұйқыда жатқан уақытта басталған. Қос қабатты баспананың шатырынан шыққан от үйдің ішіндегі ағаш баспалдаққа дейін шарпыған.

Бас-аяғы 20 минутта шатырдың да, баспалдақтың да түгі қалмаған. Ал көрші-қолаң бірін-бірі оятып, терезеден қашып шығыпты.

"Төсек жаймасын байлап, терезеден екінші қабаттан жерге түстік. Бір-бірлеп. Бірінші үлкен қызым, артынан немерем түсті. Кішкентай қызым құлап, аяғын ауыртып алды. Одан кейін әйелім түсті. Ең ақыры өзім түстім", - дейді тұрғын Қайрат Сейтнасимов.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер жергілікті мектептердің бірін паналауда. 250 метр шаршы метрді шарпыған қызыл жалынның әзірге неден тұтанғаны белгісіз.

Семей қалалық ТЖБ қызметкері Думан Икеновтвың сөзінше, өрттің шығу себептері анықталуда.

Сонымен қатар жергілікті шенеуніктер ешкімнің далада қалмайтынын жеткізді. Олар тұрғындардың өртеніп кеткен баспанасын аз уақыт ішінде қайта қалпына келтіріп беруге уәде етті. Қазір өрттен келген шығын есептеліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяда заңсыз тұрып жатқан Қазақстан азаматы 10 адамды жанып жатқан ғимараттан алып шыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семейде тұрғын үй өртеніп, 11 отбасы далада қалды