Выйти
RU

"Бар жетістігім - сіздің арқаңыз": Ернар Айдар әкесін туған күнімен ерекше құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ернар Айдар асқар тау әкесін туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Эстрада жұлдызы бүгінгі күні жеткен жетістерінің барлығы әкесінің арқасында екенін жасырмай айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ернар Айдар әкесіне деген ақ тілегін Instagram парақшасында жеткізген. Өнер иесі оны жаңа жасымен құттықтап, карантин режимі аяқталған соң міндетті түрде Тараздағы қара шаңыраққа баруға уәде етті.

Әнші жанұясымен Алматыда болғандықтан енгізілген ТЖ режимі кесірінен қаладан мүлдем шыға алмай қалған.

"Әкешім туған күніңізбен! Әуелі Алла, бұл өмірде әкемнен асқан, мен үшін үлгі тұтар тұлға жоқ. Әуелі Алла. Барлық жетістігім, әкешім сіздің арқаңыз, барлығы үшін сізге рахмет. Әлі талай ақ батаңызды алып, биікке самғаймын, үлкен жетістіктерге жетемін. Деніңіз сау болып, жүзге жетіңіз" , - деп жазды ол.

Оған қоса, Ернар Айдар әкесін бауырлары мен немерелері қалай құттықтағанын да көрсетті.

"Аллаға шүкір. Тараз, қара шаңырақ. Әкемнің туған күніне: Анамның, қызының, ұлдарының, келіндерінің құттықтауы. Немерелерінің, атасына арнап, жаттап айтқан кіршіксіз мөлдір тілектерін-ай. Алла қаласа карантин бітсін, Таразға басам. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Отбасымызға жолдаған барша тілектеріңізге көп рахмет. Бүгінгі барша туған күн иелерін шын жүрегіммен құттықтаймын" , - деп жазды әнші.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін отандық жұлдыздар коронавирустан қалай қорғанып жатқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бар жетістігім - сіздің арқаңыз": Ернар Айдар әкесін туған күнімен ерекше құттықтады