Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа 16 жыл бойы тұрып келе жатқан үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Роза Әлқожа қалың көпшілікке алғаш рет Алматыдағы үйін көрсетті. Өнер иесі 16 жыл бойы отбасымен тұрып келе жатқан баспанасы қандай екенін KAZ.NUR.KZ материалынан көре аласыз.

Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Роза Әлқожа Instagram парақшасында үйінің қасында түскен суретті жариялап, ел күтпеген мәлімдеме жасады. Шоу-бизнес жұлдызы тұрып жатқан үйін бұған дейін көпшілікке көрсетуге ұялғанын жасырмай айтты. Ол тіпті журналистерді басқа үйлерге шақырып әуре болғанын да мойындады.

"Бұрын үйімді көрсетуге ұялып, журналистерді басқа үйлерге шақырып әуре болушы едім. Сөйтсем, Алланың берген несібесіне шүкір ету керек екен. Өзің биік болсаң, үйдің аласа болғаны ештеңе етпейді. Биік үйден аласа оймен шыққан ұят. "Аласа үйден шықты биік шағы ұлып" Гүлнәр Салықбай. Отаудың көркі - бала, береке. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Алматы. Он алты жыл бойы тұрып жатқан құтханамыз осы" , - деп жазды әнші.

Роза Әлқожа мен оның жолдасы үйінің төңірегінде фотоға түсіп, оны желі қолданушыларына паш еткен. Белгілі болғандай, көпбалалы отбасы оңтүстік астанада жер үйде тұрады екен.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Әлқожа орамал жасап шығаруға бағытталған жеке кәсібі туралы бар шындықты айтқан болатын. Әнші аталмыш бизнес өзіне табыс әкелмегенін жасырмады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851930-roza-lkoza-16-zyl-bojy-tryp-kele-zatkan-jin-krsetti-foto/

pixel