Выйти
RU

40 қазақстандық Минскіден елге оралды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның 40 азаматы Минскіден әскери бортпен елге келіп жетті. Енді олар медициналық тексерістен өтіп, карантинде болуға міндетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

40 қазақстандық Минскіден отанына оралды

Фото: ҚР СІМ

"Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты азаматтарымызды шетелден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2020 жылы 20 сәуірде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің Әскери-көлік авиациясының көмегімен Қазақстан азаматтары Белоруссиядан отанына қайтарылды.
Еліміздің Қорғаныс министрлігі және сыртқы істер министрлігі сондай-ақ Беларусь республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, 40 отандасымызды, оның ішінде 6 баланы Қазақстанға тасымалдау жұмыстары жүргізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Ұшу кезінде азаматтардың жанында әскери дәрігерлер еріп жүрген. Елге оралғандардың барлығы өзін жақсы сезінеді, оларда коронавирус жұқтыру белгілері жоқ. Енді талаптарға сәйкес, азаматтар инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, медициналық тексеруден өтіп, карантинда болуы тиіс.

"Бұл іс-шара Беларусь аумағындағы отандастарымызға күнделікті көмек көрсетуді жалғастырып жүрген Минск қаласындағы Қазақстан елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлерінің тиімді жұмысының арқасында мүмкін болды" - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде тағы 97 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1949-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
40 қазақстандық Минскіден елге оралды