Выйти
RU

Бразилия президенті наразы топпен бірге митингке шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бразилия президенті Жаир Болсонару, жергілікті билік органдарының коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жаппай шаралар өткізбеу туралы ұсынысына қарамастан, жақтастарымен бірге жексенбі күні кешке ел астанасында Бразилия армиясы күнін мерекелеуге арналған митингке шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

Президент митингке шыққан сәтін Facebook желісіндегі парақшасында жариялап, "Мен бүгін осындамын, өйткені өз халқыма сенемін, мен Бразилияға сенемін", - деген жазба қалдырды.

Ол жақтастары алдында COVID-19 вирусының таралуына қарсы күрес штабының қызметі мен саудаға қойылған шектеуді сынға алды. Одан бөлек, қауіп тобына жататын 60 жастан асқан азаматтар ғана үйде болуы керек деген ұстанымды қолдайтынын білдірді.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес, жергілікті билік барлық азаматтардың қозғалысына тыйым салған болатын.

Желіде тараған видео кадрынан президенттің наразы топ жиналған алаңға қалай келгенін көруге болады.

Сонымен қатар Жаир Болсонаро митингке жиналған азаматтарға қатты жақындамай, алыстан тұрып амандасқан.

Бразилияның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Энрике Мандетта бірнеше рет қоғамдық шараларға қатысқан президенттің әрекетін сынға алды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, ведомство басшысы өткен аптада келіспеушіліктерге байланысты жұмыстан босатылған.

Оның орнына Нельсон Тейха отырды.

Елдің жаңа денсаулық министрінің инаугурациясында Жаир Болсонару шекараларды ашып, сауданы қайта бастағысы келетінін, осылайша коронавирус пандемиясына байланысты кейбір шектеулерді алып тастағысы келетінін айтты.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, президент соңғы апталарда шараларды "диктаторлық" деп айыптаған штат әкімшілерімен қақтығысып қалған. Бразилияда президент пен Конгресс, Жоғарғы соттың қарым-қатынасы шиеленісе түсуде.

Жаир Болсонару "Олар менің өкілеттіктігімді қысқартуға және тіпті мені құлатуға тырысып жатыр" деп мәлімдеген.

Бразилияда қауіпті дертті 38000-нан астам адам жұқтырып, оның 2462-сі көз жұмды.

Еске сала кетсек, Алматы облысында ауыл тұрғындары дәрігерлік амбулаторияның есік-терезелерін бұзып, мекемені коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін пайдалануға қарсы екенін жеткізды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бразилия президенті наразы топпен бірге митингке шықты