Выйти
RU

Таразда тағы бір көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тараз қаласында "Алатау" 8-ші ықшамаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылды

Фото: NUR.KZ

Бұған дейін осы тұрғын үй подъезіндегі пәтер тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған болатын.

Пациенттің вирусты қалай жұқтырып алғаны әзірге белгісіз. Сол себепті онда тұратын 34 адамды бірнеше күнге оқшаулау туралы шешім қабылданған. Олардың үйден шығуына тыйым салынған.

Карантиндегі тұрғындарды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуді қалалық әкімдік мойнына алып отыр. Зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген подъездің алдында полиция қызметкерлері кезекшілік етуде.

Тұрғындарға азық-түлік жеткізу жұмыстарына еріктілер де көмектесіп жатыр.

Бұған дейін, қаладағы "Қарасу" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылғанын хабарлаған едік. Коронавирус анықталған 86 жастағы әжей 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болған.

Еске сала кетсек, 9 сәуірден бастап Жамбыл облысында карантин режимі енгізілді. Облыс аумағы бойынша 27 блок-бекет, оның ішінде 7 блок-бекет Тараз қаласына қойылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таразда тағы бір көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылды