Выйти
RU

Атақты UFC спортшысы коронавируспен ауырғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 34 жастағы америкалық UFC спортшысы Лайман Гуд наурыз айында коронавируспен ауырғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото : iz.ru

Фото : iz.ru

"Мен бірдеңе болғанын сездім. Мен өз денемді білемін. Осының барлығын бастан өткердім. Шынымды айтсам, өмірде көптеген жарақаттар алғанмын, алайда бұл жолы барлығы басқаша болды. Біз, кәсіби спортшылар, әрқашан өзімізді шыңдап отыратынымыз белгілі. Мен үшін денем менің физикалық индикаторымның өзіндік көрсеткіші болды. Сол уақытта өз денемді мүлде сезбедім.
Мені командадағы әріптестерім, жаттықтырушыларым және сөйлескен адамдардың денсаулығы алаңдатты. Олардың инфекцияны жұқтырмағаны және басқаларға таратпағаны маңызды. Мен жауапкершілікті сезіндім", - деді Лайман шетел басылымына берген сұқбатында.

Гуд 18 сәуірде Белал Мұхаммадпен жекпе жекке шығуы керек болатын. Алайда, 4 сәуірде америкалық жарақат алғанын хабарлаған.

Жалпы, коронавирус пандемиясына байланысты UFC алты турнирді өткізуден бас тартты.

Еске сала кетсек, 18 сәуір күнге жоспарланған UFC 249 жекпе-жек кеші өтпеді. Оның алдында UFC басшысы Дана Уайт жарыстың ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовсіз болатынын мәлімдеген еді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атақты UFC спортшысы коронавируспен ауырғанын айтты