Выйти
RU

Уханьдағы науқастарға қара жорға биі қалай әсер етті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда қытайлық мамандардың Қазақстан дәрігерлеріне арналған онлайн дәрісі жалғасып жатыр. Кезекті видео барысында дәрігер-пульмонолог Цю Гаунфенг коронавирус жұқтырған науқастарға психологиялық көмектің маңыздылығы жайлы айтып берді. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19: Уханьдағы науқастарға қара жорға қалай әсер етті (видео)

Фото: Видеодан кадрлар

Қытайлық маманның сөзінше, адамдар оқшаулау кезінде шаршау мен тітіркену сезінеді, науқастардың, тіпті, қозғалысы да шектеледі.

Сондықтан, Цю Гаунфенг науқастармен физикалық жаттығу жасау қажет екенін айтып отыр. Ол мысал ретінде Ухань ауруханасында пациенттерге қара жорға биін билеп берген қазақ дәрігерін айтты.

"Науқастармен видео сабақтар өткізіп, қашықтан білім беру керек. Олармен әрдайым байланыста болып, емдеу тәсілдері жайлы айту қажет. Әр науқасқа жеке назар аударылуы тиіс, бұл өте маңызды, науқастарға белсенділік жайлы айту керек. Дем алу жаттығуларын, биді күніне екі рет орындау қажет. Мұнда біздің Қытайдың модульдік ауруханасындағы ұлты қазақ дәрігердің науқастарға қазақтың ұлттық биі- қара жорғаны үйреткенін айтуға болады. Бұл оларға тек физикалық тұрғыда емес, эмоционалды тұрғыда да оң әсер етті", - дейді Цю Гаунфенг.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Айта кетейік, бұған дейін Ухань қаласының Фан Цан ауруханасында коронавирустан емделіп жатқан адамдардың көңілін көтеру мақсатында дәрігерлердің би алаңын ұйымдастырғанын хабарлаған едік.

Кейін ол дәрігердің есімі- Бахаргүл Бүдәш екені анықталды. 35 жастағы қандасымыз сегіз жылдан бері хирург болып жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Уханьдағы науқастарға қара жорға биі қалай әсер етті (видео)