Выйти
RU

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 1 наурызынан бастап коронавируспен күресу жөніндегі іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлері салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Осылайша, Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша олар:

- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;

- әлеуметтік салық;

- міндетті зейнетақы жарналары;

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

- әлеуметтік аударымдар;

- ММС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша жарналар төлеуден босатылған.

Бұл шешім үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша 25 млн теңге берілгені туралы хабарлағанбыз.

Коронавируспен күресуге атсалысқан барлық медицина қызметкерлеріне наурыз айында жалпы 153,1 млн теңге сыйақы төленген.

Мұндай төлемді 1 469 адам алған. Оның 163-і дәрігер, 683-і орта медицина қызметкерлері және 623-і кіші медицина қызметкерлері.

Сондай-ақ, Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың коронавируспен күресіп жатқан қалалық медицина қызметкерлерінің сәуір айының басынан бастап үстеме ақы алып жатқанын хабарлаған еді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды