RU

Ауызашарға жақын маңда тұратын туыстың үйіне баруға бола ма: Бас мүфти жауап берді

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы "ораза кезінде жақын маңда тұратын туыстың үйіне ауызашарға баруға бола ма" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы еліміздің бас мүфтиі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

"Өткенде айтылған үндеуімізде осы мәселе жөнінде кеңес берген болатынбыз. Баршамыз жақындарымызды, көршілерімізді үйге шақырғымыз келетінін түсінеміз, бірақ өзіміздің, ағайын туыстың, көршілеріміздің амандығы үшін мына төтенше жағдайда карантин талаптарын орындауға шақырамыз. Қазір сабыр етіп, оқшауланайық. Бәрі жақсы кезде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетсек, биыл қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ораза кестесін жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851986-auyzasarga-zakyn-mada-tratyn-tuysty-jine-baruga-bola-ma-bas-mfti-zauap-berdi.html