Выйти
RU

Қарағандылықтар ТЖ кезінде аулада жаппай би кешін ұйымдастырды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы Майқұдықтың 13 шағын ауданында жергілікті тұрғындар жаппай би кешін ұйымдастырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандылықтар ТЖ кезінде жаппай би кешін ұйымдастырған

Фото: Видеодан кадр

Аулада бірнеше адам жиналған. Олардың арасында сәбилері арбада отырған аналар да бар.

Карантиндік шаралар мен топтық жиналыстарға салынған тыйым Майқұдық тұрғындарын тоқтата алмаған сыңайлы.

Тұрғындардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Ролик авторының өзі де би кешіне қатысыпты.

Полицияның хабарлауынша, видео тексеріске жіберілген. Ал заңсыз жиынға қатысушыларға қатысты міндетті түрде шаралар қолданылады.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері бүгінгі таңда өңірдегі карантин талаптарын күшейтіп отыр.

"Енді жеке көлікпен жүруге шектеу қойылды. Таңғы сағат бестен таңғы сағат онға дейін, сағат 17 – ден 21-ге дейін және тек қызмет бабымен жүруге болады. Басқа уақытта көлікпен жүруге тыйым салынған", - деп хабарлады Қарағанды облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, карантин кезінде моншаға барған жемқорлыққа қарсы қызметкерлерге қатысты тергеу басталғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандылықтар ТЖ кезінде аулада жаппай би кешін ұйымдастырды (видео)