Выйти
RU

Бес жасар қыз коронавирустың сирек кездесетін асқынуынан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың Мичиган штаты Детройт қаласында бес жасар қыз коронавирус инфекциясының сирек кездесетін асқынуынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: saratov24.tv

Фото: saratov24.tv

Наурыздың соңында Скайлер Херберт басының қатты ауыратынын айтып шағымданған, оған ауруды басатын дәрі-дәрмектер де көмектеспеген. Сөйтіп, 23 наурызда ата-анасы қызды дәрігерге көрсетті. Мамандар оған ангинаға қарсы антибиотиктер жазып беріп, үйіне қайтарған.

Алайда одан қыздың жағайы жақсармады, біршама уақыттан кейін қайтадан аурухарнаға жеткізілді. Бұл жолы Скайлерден COVID-19 анықталды. Бірақ вирустан тез айығып, көп ұзамай ауруханадан шығарылды.

Өкінішке орай, алты сағаттан кейін қыздың жағдайы қайтадан нашарлаған: басы ауырып, дене қызуы 37,8 градусқа көтерілген, жүрегі айнып, эпилептикалық ұстамаға ұшыраған. Анықталғандай, коронавирус менингоэнцефалиттің дамуына – мидың қабынуына әсер еткен.

Скайлер Херберт екі апта бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып тұрған. Жағдайы жақсармағаннан кейін дәрігерлер мидың өлгенін болжады. 19 сәуірде қыздың ата-анасы оны аппараттан ажыратуға шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1967 адамға жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бес жасар қыз коронавирустың сирек кездесетін асқынуынан көз жұмды