Выйти
RU

Шетелдіктер карантинге жабылған Алматыдағы дүкендерді тонаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың құқыққорғау органдарының қызметкерлері түнгі уақытта азық-түлік дүкендерін тонаған қылмыстық топты құрықтады. Ұсталған төрт адамның үшеуі өзге ел азаматтары болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: akivideo.com

Көрнекі фото: akivideo.com

Полицияның хабарлауынша, қылмыстық топ өз әрекетін карантинге жабылған Алматыда тек түнгі уақытта іске асырған. Күдіктілер шағын дүкендерге кіріп, тұтынушылық тауарларды ұрлаумен айналысқан деп жазады Polisia.kz.

Белгілі болғандай, кейбір жағдайларда дүкендегі дабылды өшіру үшін олар жарықты алдын-ала сөндіріп отырған.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, олардың осыған ұқсас үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі дәлелденді.

Ұсталғандардың үшеуі – Грузия мен Әзірбайжан азаматтары екендігі анықталды. Тағы біреуі – отандасымыз.

"Жедел-іздестіру шараларының кешені жалғасып жатыр. Біз бұл азаматтардың тағы қанша қылмыс жасағанын нақты анықтайтын боламыз” , – деді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция бүгінде оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетелдіктер карантинге жабылған Алматыдағы дүкендерді тонаған