Выйти
RU

Алматы облысында қала мен ауыл карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында орналасқан Есік қаласы мен Шелек ауылы карантинге жабылды. Онда коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары жиілеп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дәрігері Миржан Әзербаев шаруашылық және өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар карантин енгізу туралы тиісті қаулыға қол қойды.

Қос елдімекен де 21 сәуірден сағат 00:00-ден бастап, карантинге жабылды. Оларды қашан ашатыны белгісіз. Шектеу шаралары орын алған жағдайдың жақсаруына байланысты алынуы мүмкін.

Ауданның бас санитар дәрігері карантин уақытындағы ауданаралық аурухана жұмысының ерекшелігіне тоқталып өтті.

Анықталғандай, стационарларда бейнебақылау орнатылып, желдету мен визуалдау жүзеге асырылады.

Санитар дәрігер қабылдаған қаулыға сәйкес, әр ауысым басқа ауысымнан оқшауландырылған болуы керек. Қажет жағдайда белгілі бір салаға маманданған дәрігерден кеңес алу барынша қашықтан ұйымдастырылу қажет.

Науқастар палатасында медперсоналдарды шақыратын батырма болуы тиіс.

  • Аурухана эпидемиологы немесе бөлімнің аға мейірбикесі ауысымға дейін және ауысымнан кейін барлық қызметкерлерге күнделікті сұрау жүргізу және дене температурасын өлшеп, журналға тіркеу арқылы медициналық бақылау жүргізуі тиіс.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл ретте қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, жеке қорғаныс заттарымен, антисептиктермен, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.

Медицина қызметкердері "Д" есебінде тұрған адамдардың жағдайын бақылап отыру мақсатында оларға күнделікті хабарласып тұрады.

Одан бөлек, медицина қызметкерлері енді арнайы стацинарларда тұратын болады. Ауданның бас санитар дәрігері оларды қажетті заттармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 18 дерегі анықталды. Олардың біреуі Алматы қаласында, 11-і Шымкент қаласында, екеуі Қарағанды, үшеуі Алматы, біреуі Түркістан облыстарында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында қала мен ауыл карантинге жабылды