Выйти
RU

Ауғанстан президенті коронавирусқа тест тапсырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ауғанстан президенті Ашраф Гани жұбайымен бірге коронавирусқа тест тапсырды. Сынамалар теріс нәтиже көрсеткен. Бұл туралы мемлекет басшысының өкілі Седик Седикки мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ашраф Гани. Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Ашраф Гани. Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Бұған дейін Қабулдағы президент сарайының 40 қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болған.

Ел президенті өткен аптадан бері үкімет отырысына бейнебайланыс арқылы қатысуда.

"Елдің президенті мен бірінші ханымы өз еріктерімен коронавирусқа тест тапсырды. Екеуінің де нәтижесі – теріс. Мемлекет басшысының дені сау және ол үкіметтің әр саладағы қызметін басқарып отыр. Оның жұмыс ортасының қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін барлық сақтық шаралары қабылданды", – деп жазды Седикки өзінің Twitter парақшасында.

Соңғы деректерге сәйкес, Ауғанстанда 1092 адамнан коронавирус анықталған. 36 адам көз жұмып, 150-і аурудан жазылып шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясына шалдыққан Британия премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскенін хабарлағанбыз.

Үкімет басшысының баспасөз хатшысы мәлімдегендей, бірнеше сағаттың ішінде аурудың белгілері асқынып, саясаткер жансақтау бөліміне түскен. Оның ем алып жатқан Лондондағы Әулие Томас ауруханасындағы медициналық бригаданың кеңесі бойынша Джонсон қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауғанстан президенті коронавирусқа тест тапсырды