RU

Алматыда коронавирустан екі бала емделіп шықты

Алматыда коронавирус инфекциясынан тағы төрт адам емделді. Бұгін оларды ауруханадан шығарып, үйлеріне қайтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстанның оңтүстік астанасында Covid-19 вирусын тағы төрт адам жеңіп шықты. Қауіпті инфекциядан жазылып шыққандардың екеуі - 2017 және 2009 жылы туған балалар мен екі ересек адам.

Ауруханаға енді түскен кезде ер адам мен әйелдің жағдайы аса ауыр болып бағаланған. Оған екі жақты полисегментті пневмония себеп болды.

"38 жастағы азамат 10 мен 14-сәуір аралығында өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылу болған. Бүгінде олар емделіп, өздерін жақсы сезінуде" , - деді Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Тлеухан Әбілдаев.

Қазіргі таңда, ауруханадан шығып, коронавирус инфекциясынан жазылған алматылықтардың саны 88 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында бір қала мен ауыл карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз. Қос елдімекенде қауіпті вирусты жұқтырудың оқиғалары жиілеп кеткен.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматы облысында тағы үш адам коронавирус жұқтырып алған. Өңірде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 53 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1852018-almatyda-koronavirustan-eki-bala-emdelip-sykty.html