Выйти
RU

Алматыдағы сауда үйінің сатушылары ТЖ режимінің бұзылғанын хабарлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

KAZ.NUR.KZ редакциясына Бақытжан Сағынтаевтың атына жолданған хат келді. Ол жерде Алматыдағы сауда үйлерінің бірінің жалдаушылары сауда үйдің басшылары оларды шектеулерге қарамастан жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатқанын жазған. Сондай-ақ, меңгерушілер карантин кезінде олардан жалдаманың ақшасын талап еткен.

Алматыдағы сауда үйінің сатушылары ТЖ режимінің бұзылғанын хабарлады

Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда оқшаулаудың қатаң тәртібіне қарамастан, сауда орталықтарының кейбір иелері өз жұмысын жалғастыруда деп жазды "Восход" сауда үйінің сатушы қызметкерлері.

"Сауда үйінің әкімшілігі біз 2020 жылдың 22 наурызында Медеу ауданы әкімдігінің, полиция мен СЭС өкілдерін шақырғанға дейін бізді жұмыс істеуге мәжбүр етті. Сол кезде сауда үйінің иесі 5 тәулікке қамауға алынды. Бірақ, біздің өкінішімізге орай, құқық қорғау органдары қабылдаған шаралар нәтиже берген жоқ", - делінген хатта.

Жалға алушылар жұмысқа шығуға тыйым салынғанына қарамастан, олардан жалдау ақысын толық көлемде төлеуге мәжбүр екенін атап өтті.

"Алматы қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб талаптарына қарамастан, "Восход " СҮ қайта ашылды, барлық пломбалар бұзылды. Мұның қаншалықты заңды екенін сұрағанда, әкімшілік сауда үйінің жұмыс істей беретінін, біздің тауарды алып, жеткізу арқылы қызметімізді жалғастыра беруімізге болатын айтты. Оның сөзінше, біз сәуір айына жалдама ақысын бәрібір төлеуіміз қажет. Бірақ біз қандай негізде өз үйімізден шығып, карантин режимін бұзуымыз керек?",- деді жалға алушылар.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Олар каратин уақытында жалдау ақысын тоқтата тұруға немесе төмендетуге өтініш білдіріп, екі рет сауда үйінің иесіне жүгінген. Алайда өтініштері қабылданбады.

"2020 жылдың 30 наурызынан бастап "Восход" сауда үйі ашылды, онда бейтаныс адамдар үнемі жүреді және жарық жанып тұрады. Осылайша, әкімшілік, тазалық компаниясының қызметкерлері мен құрылысшылар ТЖ режимін бұзады. Біз, заңға бағынатын азаматтармыз, материалдық құндылықтарымыздың қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз", - делінген хат соңында.

Хат авторлары қала әкімінен "Восход" СҮ ашылуының заңдылығын тексеруді, ТЖ режимін бұзушыларды жазалауды, сондай-ақ карантин кезінде жалдау ақысын төмендетуді сұрайды. KAZ.NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін хабарласқан Алматы қаласы полиция департаментінде "Восход" сауда үйінің иесінің ТЖ режимін бұзғаны үшін екі рет жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

""Восход" сауда үйінің иесіне бірінші рет айыппұл салынды, ал ал екінші ретте ол бес тәулікке қамалды. Енді, оның төтенше жағдай режимін қайта бұзғаны расталса, оған бес тәуліктен гөрі қатаң жаза тағайындалады", - деп сендірді департаменттің баспасөз қызметі.

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы "Восход" сауда үйіне өз өкілдерін жіберген, алайда дүкеннің есіктері жабық тұрды.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылықтардың ТЖ кезінде аулада жаппай би кешін ұйымдастырғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы сауда үйінің сатушылары ТЖ режимінің бұзылғанын хабарлады