Выйти
RU

Медсақтандыру қорының басшысы болған Жәмішев қанша табыс табады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

17 сәуірде медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің басшысы ауысты: енді Елжан Біртановтың орнына бұл қызметке экономист Болат Жәмішев келді. Аталған лауазымға қандай еңбекақы қарастырылғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Жәмішев. Фото: Sputnik/Ксения Воронина

Болат Жәмішев. Фото: Sputnik/Ксения Воронина

Қордың жаңа басшысының бұған дейін де көптеген лауазымды қызметтерді атқарғанын айта кету керек. Атап айтқанда, бұдан бұрын ол қаржы министрлігін, өңірлік даму министрлігін, сондай-ақ "Қазақстан Даму Банкі" АҚ мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігін басқарған.

Қордың мәліметіне сәйкес, директорлар кеңесінің жаңа басшысына тағайындалған еңбекақы мөлшері екі жүз мың теңгеден аспайды. Аталған жалақы мөлшерін денсаулық сақтау министрлігі мен қаржы министрлігінің комитеті бекіткен.

Ал Жәмішевтің қолына алатын "таза" табысы одан да азырақ болады. Себебі аталған екі жүз мың теңгеден зейнеткерлік және әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарнасы мен табыс салығы шегеріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін мерзімінен бұрын зейнетке шығу үшін қанша табыс табу қажет екенін жазған болатынбыз.

50 жаста зейнетке шықпас бұрын 5 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеу қажет. Яғни, соңғы 60 айда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленуі тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Медсақтандыру қорының басшысы болған Жәмішев қанша табыс табады