Выйти
RU

Қазақстанда компанияларға банк шоттарынан ақша шешуге шектеу қойылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк елімізде заңды тұлғалар үшін банк шоттарынан шектеулі сомаларды шешу тәртібі өзгергенін мәлім етті. Жаңа енгізілімдер жаздың алғаншқы күнінен бастап күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қаржы реттеушісі төменде көрсетілген жаңа ережелердің жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлікке, микрокәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ ауылшаруашылық және балық аулау өнімдерін сатып алумен айналысатын заңды тұлғаларға қатысты емес екенін атап өтті.

Сонымен қатар, азық-түлік, фармацевтикалық, ортопедиялық және медициналық тауарлардың бөлшек саудасымен айналысатын заңды тұлғаларға да жаңа ережелердің қатысы болмайды.

Сонымен, ұлттық банк заңды тұлғалар үшін банк шоттарынан шешуге болатын жаңа шекті сомаларды бекітті:

  • Шағын бизнес үшін – айына 20 млн теңге;
  • Орта бизнес үшін – айына 120 млн теңге;
  • Ірі бизнес үшін – айына 150 млн теңге.

Егер заңды тұлғаға көрсетілген лимиттен жоғары сома шешу қажет болса, ол банкке негіздеме жолдауы тиіс. Банк бұл жағдайда мемлекеттік кірістер комитетіне жүгініп, олар 3 күн ішінде өтініш бойынша шешім қабылдайды.

Егер 3 күн ішінде компания жауап алмаса, бұл олардың өтініші мақұлданғанын білдіреді.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиеваның айтуынша, жаңа шаралар бизнесті көлеңкеден шығаруға, "ақшаны жылыстату" мүмкіндігін азайтуға көмектесуі керек.

Сонымен қатар, мұндай тәжірибенің көптеген елдерде қолдынылып жүргені айтылды.

Белгілі болғандай, жаңа ережелер 2020 жылдың аяғына дейін қызмет етеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ұлттық банкі қаржы нарығы ойыншыларының валюталарды сату мен сатып алу бағамдары арасында маржаны негіссіз көтеруін болдырмау бойынша шұғыл шаралар қабылдағанын жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда компанияларға банк шоттарынан ақша шешуге шектеу қойылады