Выйти
RU

ТЖ кезінде моншада демалған лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін әкімшілік сотта жемқорлыққа қарсы агенттіктің Көкшетаудағы экс-қызметкерлеріне қатысты шешім қабылданды. Сот баспасөз қызметі оларға ТЖ режимін бұзғаны үшін максималды жаза бекітілгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот ТЖ кезінде моншада демалған лауазымды тұлғаларға айыппұл салды

Фото: Видеодан кадр

Әкімшілік сот алдына жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы үш қызметкері - Тұрғамбеков, Ақмолдин және Қағарман келді. Қалған екі азаматтың ісі ертең, 22 сәуір күні қаралады.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қамауға алу түріндегі жаза тағайындауға болмайды. Тәртіпбұзушылық орын алған тұста үшеуі де құқық қорғау жүйесінде жұмыс істегендіктен, оларға тек айыпұл салынды. Айыппұл көлемі 10 АЕК (26 мың теңгеден көп) құрайды. Сот баспасөз қызметі аталған жағдайда бұл максималды жаза екенін түртіп өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Көкшетауда жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері Төтенше жағдай режиміне қарамастан, моншаға барғаны белгілі болды. Лауазымды тұлғалардың жуыну орнындағы әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті. Осыған байланысты, Ақмола облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ТЖ кезінде моншада демалған лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды