Выйти
RU

Жамбыл облысында коронавирустан жазылған 13 адам жайлы тың дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

21 сәуір күні Жамбыл облысында тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. КВИ анықталған науқастарды емдеу басталғалы бергі уақыт ішінде бұл алғашқы жаппай емделу болып отыр. Олардың қатарында еліміздің әр аймақтарынан келген емделушілер бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында коронавирустан жазылған 13 адам жайлы тың дерек шықты

Көрнекі фото: pixabay.com

Атап айтсақ, олар- Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қостанай қалалары, сондай-ақ Жамбыл облысының Қордай ауданының тұрғындары.

Ем алғандардың төртеуі –  Шымкент қаласының тұрғындары десек, оның екеуі 1996 және 1999 жылдары туған студенттер. Олар алты жолаушысынан коронавирус анықталған Дели-Тараз рейсінде болған. Ал, 1975 және 1980  жылдары туған қалған екеуі Қырғыз Республикасынан үлкен жүк көліктерін айдап келген жүргізушілер. Шекарада олардан аталған инфекцияға алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Сондай-ақ, Түркістан облысының 1986 жылы туған және Нұр-Сұлтан қаласының 1994 жылы туған  тұрғындарынікі де осыған ұқсас жағдай. Олар көрші республикадан үлкен жүк көліктерімен келген кезде шекарада талдау алынып, COVID-19 бар екендігі анықталған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

1999 жылы туған ЖОО студенті Қордай ауданына келген Қостанай қаласының тұрғыны болып табылады.

Дели-Тараз рейсімен жеткізілген 2000 жылы туған тағы бір студент  Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болса, ал 1954 жылы туған ем алушы елордалық.

Қалған төрт адам 28-ден 45 жас аралығындағы Қордай ауданының тұрғындары. Олардың арасында екі үлкен жүк көлігінің жүргізушісі, ауыр отадан кейін емделуші және науқаспен жақын байланыста болған тұлғалар бар.

Барлық 13  тұлға екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, емдеу шараларын ойдағыдай өткізген. Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға екі рет қайталама зертханалық талдаулар алынып,  дерттен айыққандықтары расталды.

Барлық емделіп шыққандар үшін арнайы тасымал ұйымдастырылып, тұрғылықты жерлеріне жіберілді. Шалғай қалаларда тұратын емделушілерге арнайы автокөліктер қарастырылды.

Алдағы екі апта бойы олар үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 37 науқас ем алуда, жағдайлары тұрақты. Жалпы аймақта осымен коронавирустан 24 адам сауығып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында коронавирустан жазылған 13 адам жайлы тың дерек шықты