Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2000-ға жуықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 18 адам анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 1995- ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2000-ға жуықтады

Көрнекі фото: pixabay.com

21 сәуір сағат 22: 35- тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, науқастардың біреуі Павлодар облысында, бесеуі Жамбыл облысында, тағы екеуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында тіркелді. Одан бөлек, Атырау облысында 2, Алматы қаласында 6, Алматы облысында 2 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 393 адам, Алматы қаласында 678 адам, Қарағанды облысында 101 адам, Ақмола облысында 83 адам, Атырау облысында 82 адам, Жамбыл облысында 70 адам, Шымкент қаласында 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында 11 адам, Алматы облысында 55 адам,
Ақтөбе облысында 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 30 адам, Павлодар облысында 34 адам, Маңғыстау облысында 14 адам, Қызылорда облысында 151 адам, Батыс Қазақстан облысында 70 адам, Түркістан облысында 66 адам, Қостанай облысында 27 адам - жалпы 1995 науқас тіркелді.

Айта кетейік, 21 сәуір күні Жамбыл облысында тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. КВИ анықталған науқастарды емдеу басталғалы бергі уақыт ішінде бұл алғашқы жаппай емделу болып отыр. Олардың қатарында еліміздің әр аймақтарынан келген емделушілер бар.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2000-ға жуықтады