Выйти
RU

Әлемде екі жарым миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны екі жарым миллионнан асты. Оның 178 мыңға жуығы қауіпті дерт салдарынан көз жұмған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Worldometers порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, 22 сәуірдің таңғы жағдайы бойынша, дүние жүзінде коронавирус індеті 2 552 419 адамнан анықталған. Оның 177 мыңнан астам вирус салдарынан көз жұмды.

Айта кету керек, соңғы күндері дерттен жазылғандардың саны артуда. Соңғы мәліметке сенсек, 688,5 мың науқас коронавирус инфекциясынан айығып, ауруханадан шықты.

Қауіпті дертті жұқтыру бойынша бірінші орында Америка Құрама Штаттары тұр. Мұхиттың арғы жағында орналасқан елде 817 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырса, оның 45 мыңнан астамы қайтыс болған.

Еуропаның алпауыт елдерінде де жағдай мәз емес. Франция, Германия, Испанияда коронавирус салдарынан көз жұмғандардың саны 20-25 мың адамға жетті.

Ал елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңға жуықтады. Оның он тоғызы көз жұмған.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде екі жарым миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды