Выйти
RU

Кадыров шаштараз ашуды өтінген азамат үшін шашын тықырлап алып тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шешен республикасының азаматтары Рамзан Кадыровтан сұлулық салоны мен шаштараз жұмысын жалғастыруды өтінген. Бұған жауап ретінде ол шашын тықырлап алып, отандастарына да осылай жасауға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/groznytv

Видеодан кадр: instagram.com/groznytv

Шешен республикасының басшысы ел тұрғынының "шаштараз қызметі қашан қалпына келеді" деген сұрағына ерекше әдіспен жауап қайырды.

Рамзан Кадыровтың шашын тықырлап алған сәті Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған.

"Грозный-Информ" мәліметінше, президент азаматтарды осы кеңесті орындауға шақырған.

Айта кетейік, 17 сәуірден бастап Шешен республикасының аумағында қатаң карантин шаралары енгізілген.

Ол шектеуге сәйкес, ел тұрғында көшеге тек арнайы рұқсат қағазымен ғана шыға алады. Ал демалыс күндері көлік қозғалысына мүлде рұқсат етілмеген.

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңға жуықтады. Оның он тоғызы көз жұмған.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кадыров шаштараз ашуды өтінген азамат үшін шашын тықырлап алып тастады