Выйти
RU

Біртанов: Коронавирус жұқтырған 589 медицина қызметкері тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде 589 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Соңғы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 589 медицина қызметкері тіркелді", -деді Біртанов.

Одан бөлек, денсаулық сақтау министрі қауіпті дертпен күресіп жатқан дәрігерлердің үстемеақы алуына қатысты сұрақтарға жауап қайырды.

"Бізде шартты түрде зертхана қызметкерлері, санитарлар мен денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтіндерді қоспағанда, 240 мың дәрігер мен медбике бар. Жалпы 400 мың медицина қызметкері бар. Наурызда 20 мыңға жуығы үстемеақы алды. Бұлар коронавирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер", - деді ол.

Біртанов әр медбике мен дәрігердің мәселесін шешу үкіметтің жұмысы емес екенін алға тартты.

"Жергілікті жердегі басшыларды медицина қызметкерлерінің сөзіне құлақ асуға шақырамын. Әр медбике немесе дәрігердің мәселесін шешу үкіметтің жұмысы емес. Жергілікті жерде шешілуі керек. Біз президент тапсырмасы бойынша нормативтік құжатты бердік, ақша түсірдік, медициналық сақтандыру қоры жеткізді", - деп сөзінтолықтырды денсаулық сақтау министрі.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ал елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңға жуықтады. Оның он тоғызы көз жұмған.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов: Коронавирус жұқтырған 589 медицина қызметкері тіркелді