Выйти
RU

56 жыл отасқан ерлі-зайыпты коронавирустан бір күнде жазылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

56 жыл бірге тұрып, жұптары ажырамаған британиялық ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде жазылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

56 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде жазылды

Фото: dailymail.co.uk

77 жастағы Сидни Мур және оның 76 жастағы жұбайы Джин сәуір айының басында коронавирус жұқтырып, бірнеше күннен кейін инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Ем алу кезінде қос ғашықтың ажырамауы үшін медициналық қызметкерлер оларды бір бөлімшеге орналастырды.

Сидни Мурдың айтуынша, оның әйелі өте нашар естиді, сол себепті ол оған барынша көмектескен, оған қоса дәрігерлер де оларға өте мұқият қарады. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін бес күн өткен соң ерлі-зайыптылар вируста толық емделіп, ауруханадан шығарылды.

Қазіргі уақытта олар өз үйінде оқшаулануда деп жазады "Звезда" телеарнасы.

Worldometr порталының 21 сәуірдегі мәліметтері бойынша коронавирустық инфекция Ұлыбританияның 16,5 мыңнан астам тұрғынының өмірін қиды. Елімізде 125 мыңға жуық адам ауырып қалды.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
56 жыл отасқан ерлі-зайыпты коронавирустан бір күнде жазылды